Ирак арабтар мен парсыларды татуластыруға дайын екенін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ирак арабтар мен парсыларды татуластыруға дайын екенін мәлімдеді

Ирак арабтар мен парсыларды татуластыруға дайын екенін мәлімдеді

Осы тұста ресми Бағдат арабтар мен парсыларды татуластыруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Иран астанасында өткен келіссөз барысында белгілі болды.

  • 8 Қаңтар 2016
  • 158
Фото - Caravan.kz

Араб-парсы текетіресі Сауд Арабиясында 47 шейіт өлім жазасына кесіліп, үкім орындалғаннан кейін ушыққан болатын. Ирак сыртқы істер министрі Ибрагим әл Жафари аталған келіссөз барысында екі ел арасындағы жағдайды ретке келтіру үшін ең ыңғайлы аймақта орналасқанын айтып, бейбітшілік орнатуға бар күшін салатынын жария етті. Осылайша Ирак билігі араағайындықты мойнына алмақ. Қазір бұл елдің өзінде де шейіттердің өлтірілгеніне наразылық ретінде осы ағым мен сүнниттер арасындағы текетірес тоқтамай тұр. Мыңдаған адам Бағдат көшелеріне шығып, Сауд Арабиясына қарсы ұрандатуын жалғастыруда.