Жарияланды: 330

Іші түрлі естелік заттарға толы шабадан Павлодарға да жетті

Ерекше шабадан Павлодарға да жетті. Әлемнің өзге елдерін аралаған сандықтың іші түрлі естелік заттарға толы.

Аталмыш жобаның авторы 21 жастағы ресейлік Анна Вершинина. Әлем қалаларын аралаған жүк Павлодарда бір күн кідірмек. Ары қарай Финляндияға жол тартып, сол елді бейнелейтін жәдігерлер ішіне салынады. Әр халықтың мәдениетін сипаттайтын заттар аукцион арқылы саудаланып, жиналған қаржы қайырымдылық шараларға жұмсамақ. Қазақстанға алғаш келген шабаданға керекуліктер «Құрбан айт» кітабы мен тақия салды.

Анна Вершинина, жоба авторы (Ресей):  

- Идея  құрбыммен сөйлесіп отырғанда аяқ астынан туындады. Ресейде басталған жобаның арқасында, міне, Қазақстанға да келдік. Біз жағдайы мүшкіл жандарға осылайша қол ұшын созбақпыз. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін