Ішімдікке тойып алған әке өз қызын зорлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішімдікке тойып алған әке өз қызын зорлаған

Ішімдікке тойып алған әке өз қызын зорлаған

Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданында әкесі мас күйінде туған қызын зорлаған.
 

  • 29 Қыркүйек 2023
  • 266
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайды полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"М.Жұмабаев ауданында бір дерек орын алды. Өзбекстан азаматы мас күйінде кәмелетке толмаған қызына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды.

Облыста барлығы 43 педофил тіркелсе, оның 34-і түрмеде отыр. Қалғандары қатаң бақылауда. Олар бостандыққа шыққаннан кейін бірден бақылауға алынып, апта сайын мекенжайлары тексеріліп, жүріс-тұрысы, жұмысқа орналасуы қадағаланады", — деді Айдын Қабдулдинов.