"Іште адасып қалды" - шетелдік студент хостелдегі өрт туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Іште адасып қалды" - шетелдік студент хостелдегі өрт туралы

"Іште адасып қалды" - шетелдік студент хостелдегі өрт туралы

Йемендік студент хостелде шыққан өрт туралы айтып берді,.

  • 9 Қаңтар 2024
  • 49
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина факультетінің студенті Ахмед Файиз Ахмед Аль-Гобэйдің айтуынша, бөлмелердің бірінде матрас өртенуі мүмкін.

"Таңғы сағат 5-те шу мен айғайды естідік. Кейбір мәліметтер бойынша, жертөледегі матрас өртенген. Бірақ оның қай жерде екенін білмеймін. Біз төлқұжаттарымыз бен күртелерімізді алып, далаға шықтық", — деді шетелдік студент.

Сондай-ақ, ол кейбірі қою түтіннен далаға шыға алмай қалғанын айтты.

"Бөлмеміз алдыңғы есіктің қасында болғандықтан, түтін болған кезде сыртқа шығып үлгердік. Алайда, алдыңғы есіктен ары тұрғандар – іште адасып қалды. Біреулер терезелерді ашып, сол арқылы сыртқа шықты", — деп бөлісті студент.

Сондай-ақ, студент "университет және жатақханамен келісім бойынша" осы хостелге орналастырылғанын айтты.