Жарияланды: 380

«Ислам мемлекеті» Анкарадағы қос терактіні ұйымдастырған бас күдікті ретінде қарастырылып отыр

«Ислам мемлекеті» Анкарадағы қос терактіні ұйымдастырған бас күдікті ретінде қарастырылып отыр

Түрік тергеушілері «Ислам мемлекеті»  тобын Анкарада өткен сенбіде қос терактіні ұйымдастырған басты күдікті ретінде қарастырып отыр, деп мәлімдеді дүйсенбіде Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу.

Түрік БАҚ дерегіне қарағанда, қазіргі уақытта тергеушілер жанкештілердің сүйегінен алынған ДНҚ үлгілерін ИМ қатысы бар және сондай теракті жасамақ ойлары болған, деп күдік келтірілген шамамен 20 түріктің отбасынан алынған үлгілермен салыстырып отыр.
Алдында түрік полициясы Адана қаласында ИМ қатысы бар деген төрт адамды ұстаған болатын. Қазір онда осы топпен байланысы бар деген күдікпен 40 адам ұсталған.
Соңғы деректерге қарағанда, Анкарада екі теракті салдарынан 97 адам қаза болып, 246 адам жарақат алған.
Түркияда үш күн бойы қаралы күн болады деп жарияланды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін