"Исматулла Путинге үндеу жасады, сен оны келеке қылдың". Журналист тағы бір зікіршінің қарғысы туралы жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Исматулла Путинге үндеу жасады, сен оны келеке қылдың". Журналист тағы бір зікіршінің қарғысы туралы жазды

"Исматулла Путинге үндеу жасады, сен оны келеке қылдың". Журналист тағы бір зікіршінің қарғысы туралы жазды

Белгілі журналист Тоқтар Жақаш сәләфиттер ықпалы төмендеген сайын зікіршілер құтыра бастады деп жазды.  Ол Исматулланың соңынан ергендердің бірінің қалай қарғыс айтқаны жайлы жеткізді.  

  • 14 Наурыз 2022
  • 798
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады. 

"Айналайын, қазақтар! Ат басындай алтын берсе де секта деген бәлеге жоламаңдаршы! Сәләфиттердің ықпалы төмендеген сайын зікіршілер құтыра бастады. Ең қызығы, бұрын Исматулланың етегінен ұстаған зомбилар әлі ниеттерінен қайтпаған секілді. Мұндай ортағасырлық сектаның шеңгеліне түскендердің адамдық қалыпқа оралуы өте қиын! Оралған күнде ең қымбат, ең асыл біраз нәрсеңнен айырыласың. Сондай зомбидың біреуі Turarbek Kussain ды аямай қарғапты! Жазғанын оқысаңыз не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің. Құдай осындайлардан сақтасын!",- деді автор.

Журналист оның жазбасын скриндеп, желіге жүктеді. Ал белгісіз зікіршінің жазғандарының қысқаша мағынасы мынадай:

"Әй, текксіз неме Тұрарбек кәззап,
құл қожа Ахмет Яссау бабамыздың әр ілімін жалғастырушы Исматтула әулие мен оның шәкірттеріне тіл тигізіпсің. Біле білсең Исматулла хазіреті Мәдінің ұрпағы. Сен сұмырай Алланың әулиесін кемсітем деп орға жығылып қалма. Исматулла тақсыр Путинге үндеу жасады, сен оны келеке қылдың, ал шын мәнінде хазіреті Мәді- сүйікті пайғамбарымыздың хадис-шәрифі бойынша Ресей жерінен,  Еуразия құрлығынан шығады. Путин оны  жақсы біліп отыр және терең сұңғыла басшы ретінде хазіреті Мәдіге иман келтірді…. ",- деп жазылған. 

 

 

Соңғы жаңалықтар