Жарияланды: 470

Испанияда Сенегалдан барған мигрант лотереядан 400 мың еуро ұтып алды

Испанияда Сенегалдан барған мигрант лотереядан 400 мың еуро ұтып алды

Испанияда Сенегалдан барған жұмыссыз мигрант «Эль Гордо» лотереясынан 400 мың еуро ұтты, деп хабарлады «ВВС» агенттігі. 

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, 35 жастағы ер адамның есімі - Нгаме. Испаниялық жағалау күзеті сегіз жыл бұрын Нгаме мен оның әйелін құтқарған. Олар Мароккодан Еуропаға жету үшін отырған кеме суға кеткен. Олардың тұрмысы нашар болған. Нгаме - Испанияның оңтүстігіндегі шағын Рокетас-де-Мар қаласында лотерея билетін сатып алған 1600 тұрғынның бірі. 

«Сенер емеспін. Кей күндері әйелім екеуіміздің қалтамызда бес еуро да болмайды», - деді ер адам жергілікті газетке.

Аталған лотерея 1812 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келеді. Оның өтуіне 1936-1939 жылдардағы азаматтық соғыс та кедергі келтіре алмаған. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін