Италияда Әблязовтың әйелін Қазақстанға күшпен жеткізгендер шатылып жатыр
Италиялық сегіз азамат БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың әйелі мен қызын Қазақстанға заңсыз жер аударды деген күдікке ілікті. Жергілікті басылымдардың мәліметінше қашқын олигархтың отбасын депортациялағандардың қатарында Италия мемлекеттік полициясы орталық жедел қызметінің бастығы, Квестура миграция бөлімінің бұрынғы басшысы, бітімгер судья және полицияның бес қызметкері бар. |
Олар 2013 жылы қашқын банкирді ұстау үшін Римдегі үйіне тінту жүргізген. Бірақ Әблязов бой тасалап үлгеріпті. Ал қолға түскен әйелі Алма Шалабаева мен қызы Алуа 31-ші мамыр күні ұшақпен Қазақстанға жөнелтілген болатын. Бітімгерлік соты оларды өз еліне жіберу туралы шешім шығарған. Алайда мұның арты Италияда саяси жанжалға ұласқаны есте. Іле-шала Италия Ішкі істер министрлігі аталған шешімнің күшін жойды. Кейін Алма Шалабаева мен қызы Еуропаға қайта оралып, Италия билігі оларға саяси босқын мәртебесін берген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін