И.Тасмағамбетов Ақтаудағы қайғылы оқиға орнына барды (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
И.Тасмағамбетов Ақтаудағы қайғылы оқиға орнына барды (ФОТО)

И.Тасмағамбетов Ақтаудағы қайғылы оқиға орнына барды (ФОТО)

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Ақтауға оқиға орнына ұшып барды.

  • 19 Қыркүйек 2015
  • 817
Фото - Caravan.kz


Алдымен министр өзінің және Қорғаныс министрлігінің атынан қаза болғандардың жақындары мен туысқандарына көңіл айтып, әскери қызметшілердің денесін жеткізуге әскери-көлік авиациясының ұшақтарын бөлу және олардың отбасына материалдық көмек көрсету жөнінде нұсқау берді.

Арнайы өткізілген жиында Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов Министрге төрт әскери қызметшінің қазасына әкеп соқтырған оқиғаны тексерудің алдын-ала қорытындысын баяндады. Алғашқы тексеру нәтижелері көрсеткендей, аталған қайғылы оқиға десантты-түсіру құралдары жоқ кезде теңіз десантын түсіру практикалық эпизодын орындау барысында дұрыс шешім қабылдамау салдарынан орын алғандығы анықталды. 
Сондай-ақ, Қорғаныс министрі арнайы комиссияға қызметтік тексеру жүргізуді тапсырып, әскери қызметшілердің өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты кінәлі лауазымды тұлғаларды анықтауды тапсырды.
Еске сала кетейік, 18 қыркүйекте, Ақтауда «Орталық-2015» оқу-жаттығуының «Орталықазиялық стратегиялық бағытта әскер тобымен операция жүргізу» 2-ші кезеңінің «теңіз десантын түсіру және плацдармды бұғаттау» эпизоды барысында теңізге 6 бірлік БТР-80 мен 52 әскери қызметші шықты. Теңіз бетімен 150 метрді еңсерген кезде қатты жел салдарынан толқын жоғары көтеріліп, 4 бірлік БТР-80 суға батып кетті. Екі бірлік техника өз күшімен жағалауға жетті. Алдын ала дерек бойынша, мерзімді қызметтің 4 әскери қызметшісі суға кеткен.  
министр обороныминистр обороныминистр обороныминистр обороны министр обороныминистр обороныминистр обороныминистр обороны