Жарияланды: 390

Іздеуде болған сотталушы Алматының көлік жуу орнында ұсталды

Іздеуде болған сотталушы Алматының көлік жуу орнында ұсталды

ҚАЖ анықтау қызметі полицияның учаскелік инспекторларымен «Альтернативник» республикалық алдын алу шарасының аясындағы

белсенді өзара әрекеттесуі жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеуден жалтарған сотталушыларды іздеу жұмыстарының оң нәтижелерін көрсетіп отыр, деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің баспасөз қызметінен.

«Кеше кешкі уақытта Алматы қаласындағы Достық пен Абай даңғылдарының қиылысында орналасқан көлік жуу орнында анықтау қызметінің қызметкерлері ІІБ-ғы әріптестерімен бірге жазасын өтеуден жалтарғаны үшін Алматы облысының Қарасай соты 2015 жылдың 4 мамырында іздеу салған сотталушыны жұмыс орнында ұстады», - деп атап өтіледі хабарламада.  

«Соңғы кезеңіне өтіп жатқан «Альтернативник» жедел-алдын алу шарасының негізгі мақсаты - құқық бұзушылықтардың алдын алып, аумақтық анықтау қызметінің есебінде тұрған сотталушылардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу.

Үш тәуліктің ішінде 24 мыңнан астам сотталушыны қамтыған шара барысында жазаны өтеу талаптары мен тәртібінің 500-ге жуық бұзушылығы анықталған. Олар бойынша сотқа пробациялық бақылауды ұзартуға 69 материал, жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру, кейінге шегеру, шартты түрде соттауды болдырмауға  160 материал жіберілді», - деп қосып өтті республикалық пенитенциарлық жүйе ведомствосынан. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін