Жарияланды: 780

Израиль онкологтары солтүстікқазақстандық әріптестерімен тәжірибе бөлісті

Израиль онкологтары солтүстікқазақстандық әріптестерімен тәжірибе бөлісті

Израиль онкологтары «Шекарасыз медицина» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Петропавлға келді.

Үш күн бойы Horev Medical Center медициналық орталығының шетелдік дәрігерлері солтүстікқазақстандық әріптестерімен тәжірибе бөлісіп, сондай-ақ обыр ауруына шалдыққан пациенттерге кеңес берді. 40-тан астам адам қаралды. Олардың арасында - петропавлдық Көшер Түренов. Екі ай бұрын оған өңеш обыры диагнозы қойылған. Медициналық көмекті уақытылы сұрап келуі Көшердің өмірін құтқарып қалды. Оған қажетті ота жасалып үлгеріп, ары қарай емдеу тағайындалды.

Израильдік дәрігерлер солтүстікқазақстандық әріптестерінің кәсібилігін жоғары бағалады. Олардың пікірінше, онкологиялық диспансерде өте жақсы заманауи медициналық жабдықтар бар. Олар обырды ерте кезеңінде анықтап қана қоймай, онымен нәтижелі күрес жүргізуге көмектеседі.

«Онкологиялық дерттер бойынша біз еліміз бен солтүстікқазақстандық аймақтың арасында айырмашылық жоқ екенін көрдік. Әйелдердің арасында сүт безі обырына, ал ерлер арасында - өкпе обырына жиі шалдығу байқалып отыр. Емдеу диагностикасын өткізу амалдары бірдей деп айтуға болады», - деді берген сұхбатында Horev Medical Center-дің бас дәрігері, ішкі дерттер бөлімінің меңгерушісі Роман Барак.

«Аймағымызда биылғы жылдың 9 айының ішінде дертке шалдығу 4,5 пайызға өскен. Ал одан болатын өлім көрсеткіші 7,8 пайызға артқан», - деп ақпараттандырды облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Ермек Әбдірімов.

Кездесу соңында Израильден келген қонақтар солтүстікқазақстандық онкологтарға жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, одан әрі тәжірибе алмасу үшін өз медициналық орталығына шақырды. 

null
null
null
null

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін