Жарияланды: 340

Канадалық доллардың бағамы құлдырауда

Канадалық доллардың бағамы құлдырауда

Канада валютасы 74,54 америка центіне дейін төмендеп, жаңа рекорд орнатты. Бұл - соңғы 2 айдағы екінші құлдырау, деп жазады 24.kz.

24 тамызда Торонтодағы қор биржасының жабылу қорытындысы бойынша, жергілікті валюта 75 АҚШ центіне дейін арзандаған еді. Канадалық доллардың төменгі бағамы соңғы рет 2004 жылдың шілдесінде тіркелген. Сарапшылар: «Канадалық валюта бағамының төмендеуі біздің экспорттаушыларға тиімді», - дейді. Себебі соңғы бірнеше жылда мұнай бағасының жоғары болуына байланысты канадалық луни де өскен. Бірақ жергілікті кәсіпорындарға канадалық және америкалық валюталардың тең бағамының жағдайында АҚШ компанияларымен бәсекелесу қиынға соғуда. Айта кетейік, Канада қара алтын экспорттаудан әлемде бесінші орында.

«Енді жағдай өзгереді деп сенемін, себебі біздің долларға экспорт тың серпін береді. Оның үстіне біз тауарларымыздың басым бөлігін Америкаға жібереміз. Бірақ әзірге экспорт өсімі туралы айтуға ерте. Біздің компаниялар жаңа жағдайға тез бейімделеді деп ойлаймын», - дейді Канаданың Саяси балама орталығының аға экономисі Дэвид Макдональд.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін