«Карачи әуежайындағы шабуылды біз ұйымдастырдық. Сол арқылы біз ауылдарды бомбалау барысында қаза тапқан жазықсыз жандардың өліміне жауап бере алатынымызды дәлелдедік», — делінген пәкістандық тәлібтер өкілі Шахидолла Шахидтің мәлімдемесінде.
Батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, арнайы жасақ әуежайға шабуыл жасаған содырларға қарсы операция жүргізіп жатыр.
Соңғы деректерге сүйенсек, әуежайдағы шабуыл кезінде қаза тапқандар саны 24 адамға жетті. Оның оны теракт жасағандар содырлар көрінеді.