Жарияланды: 630

Кәрім Мәсімов Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары-қаржы министрімен кездесті

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары-қаржы министрі Рустам Азимовпен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге қатысушылар экономиканың әр түрлі саласындағы, атап айтқанда, қаржы, отын-энергетикалық және ауыл шаруашылығы салаларындағы екі жақты ынтымақтастық мәселесін талқылады. Әңгімелесушілер екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетін және көрсеткіштердің жағымды өсу қарқынын атап өтті. Тараптар кездесудің соңында өзара тиімді және тату көршілестік негізінде екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделілік танытты. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін