Қарыз үшін жаза болмайды ма? Жаңа Салық кодексі бизнестің тынысын кеңейтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарыз үшін жаза болмайды ма? Жаңа Салық кодексі бизнестің тынысын кеңейтеді

Қарыз үшін жаза болмайды ма? Жаңа Салық кодексі бизнестің тынысын кеңейтеді

Қазақстан салық берешегі бойынша төзімділік шегін көтеруді жоспарлап отыр. 

  • 12 Мамыр
  • 15
Фото: gov.kz

Қазақстанда салық жүйесіне қатысты жағымды өзгерістер пысықталып жатыр. Бұл өзгеріс мыңдаған кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтардың тынысын кеңейтіп, оларға салық органдарымен өзара қатынаста жеңілдік бермек. Digitalbusiness.kz мәліметінше, жаңа Салық кодексінің жобасында салық берешегін өндіріп алу тәсілін өзгерту ұсынылған. Қарапайым тілмен айтқанда, мемлекет «бір теңгеден бастап қатаң шара қолдану» саясатынан бас тартпақ, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Қазіргі жағдай

Бүгінде салық қарызын бірнеше күнге кешіктірудің өзі кәсіпкерге ауыр тиюде. Яғни айыппұл арқалап, тіпті банк шоттары бұғатталады. 2026 жылдан бастап Қаржы министрлігі қарыз көлеміне қарай сараланған тәсіл енгізуді жоспарлап отыр:

— 20 АЕК-ке дейін (шамамен 76 000 теңге) — тек ескерту және айыппұл;

— 20-дан 45 АЕК-ке дейін — хабарлама жолдау және шоттар бойынша операцияларды уақытша тоқтату мүмкіндігі;

— 45 АЕК-тен жоғары — мүлікті бұғаттау, елден шығуға тыйым салу, банкроттық рәсімі.

Яғни, бұрын салық берешегі бірнеше мың теңге болған жағдайда да шот бұғатталатын, енді белгілі бір қаржылық буфер енгізіледі. Бұл шекте шот жабылмай тұрып қарызды өз еркімен өтеуге мүмкіндік болады. Бұған дейін мемлекет 1 теңгеден бастап берешек бойынша шара қолдана алатын. Алайда бизнес өкілдері бұл тәжірибенің тым қатаң және ашық еместігін жиі сынға алған.

Не өзгереді?

Талқыланып жатқан реформа әкімшілік қысымды азайтып, шағымдар санын қысқартып, салықты ерікті түрде төлеу мәдениетін қалыптастырады. Әсіресе, шағын бизнес үшін жеңіл болады. Тексерістер азаяды, есептілік цифрландыруға көшеді. Жаңа Салық кодексі әзірге талқылануда. Егер қабылданса, өзгерістер 2026 жылдан бастап күшіне енеді.