KASE күндізгі сессия: 1 доллар - 367,61 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE күндізгі сессия: 1 доллар - 367,61 теңге

KASE күндізгі сессия: 1 доллар - 367,61 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

  • 12 Қаңтар 2016
  • 324
Фото - Caravan.kz

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

— есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 367,61 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 79 800 мың АҚШ доллары;

— есептесуі T+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,7936 теңгені құрады, сауда- саттық көлемі 71 300 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 365,07 теңгені (+8,19) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі — 162 200 мың USD (+25 100 мың).


Валюталық своп операциялары нарығында:

— USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,6000 тенге (жылдық (жылдық 60,39 %), сауда-саттық көлемі 771 200 мың USD құрады;

— USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар  сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға  белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.