KASE күндізгі сессиясы: 1 АҚШ доллары - 351,90 - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE күндізгі сессиясы: 1 АҚШ доллары - 351,90

KASE күндізгі сессиясы: 1 АҚШ доллары - 351,90

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

  • 8 Қаңтар 2016
  • 439
Фото - Caravan.kz


«Бүгін биржада RUBKZT_TOD  қаржы құралының сауда-саттығы, Ресей Федерациясында 01-10 қаңтар мерекелік күндер болуына байланысты, өткізілген жоқ», делінген хабарламада.
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
— есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 351,90 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 67 100 мың АҚШ доллары;
— есептесуі T+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
— есептесуі Т+0 теңгемен еуроның (EURKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір еуроға 382,75 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — 200 мың еуро болды;
— есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 351,88 теңгені (+6,87) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі — 114 500 мың USD  (+16 800 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында:
— USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +2,0400 теңгені (жылдық  (79,34 %, сауда-саттық көлемі 732 000 мың USD құрады;
— USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
— EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға   белгілеулер тіркелген жоқ.
Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.