Жарияланды: 410

KASE күндізгі сессиясы

KASE күндізгі сессиясы

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды kase.kz.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 307,79 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 38 700 мың АҚШ доллары; есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ долларының (USDKZT_TOМ) орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 307,95 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 3 000 мың АҚШ долларын құрады; есептесуі T+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_SPT) мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте сұраным ұсыным болмаған жағдайда бір АҚШ долларына 307,31 теңгені құрады. 
Есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ. 
Есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,6177 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 60 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 307,77 теңгені 
(+0,29) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 126 200 мың USD (+31 650 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,2600 тенге (жылдық 30,82%), сауда-саттық көлемі 550 500 мың USD құрады. USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін