KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары

KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

  • 3 Желтоқсан 2015
  • 377
Фото - Caravan.kz

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 307,63 теңгені құрады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасынан. 

Сауда-саттық көлемі 19 900 мың АҚШ доллары; есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,5512 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 52 000 мың рубль болды.


Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 307,86 теңгені (+0,09) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі — 92 400 мың USD (-33 800 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,2400 тенге (жылдық 28,20%), сауда-саттық көлемі 630 700 мың USD құрады.

USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.