Қазақстан қор биржасының (KASE) бүгінгі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы жұмамен салыстырғанда 1 пайыз төмендеп, 355 теңге 52 тиынды құрады.
KASE қорының мәліметінше, дүйсенбі күні доллармен жасалған сауда-саттық көлемі 50,4 млн долларды құрады. Жұма күнгі сауда-саттық 47,4 млн долларды құраған болатын.
Сауда-саттыққа 17 банк қатысты.
11-қаңтарға белгіленген бағам: 1 доллар үшін 351 теңге 88 тиын.