KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 326,38 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 326,38 теңге

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 326,38 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+1 теңгемен (USDKZT_TOМ) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+1 теңгемен (EURKZT_TOМ) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOM) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

  • 25 Желтоқсан 2015
  • 321
Фото - Caravan.kz

Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (EURUSD_TOD) АҚШ доллары бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_ TOD) еуро бойынша АҚШ-та, Ұлыбритания және Германияда 25 желтоқсан (Christmas Day) мереке күні болғандықтан, сауда-саттық өткізілмейді.

Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 20 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 326,38  теңгені, ал сауда-саттық көлемі — 51 100 мың АҚШ долларын (+19 500 мың USD) құрады.

Есептесуі Т+1 теңгемен еуро бойынша және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі Т+1 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.


Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ.

Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 50,2800 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — бір юаньға 300 мың (+300 мың юань) теңгені құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.