Жарияланды: 320

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен

(EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 275, 47 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 52 800 мың АҚШ долларын құрады.

Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер болған жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша орташа сараланған бағамы бір юаньға 43,4450  теңгені құрады, ұсыным бір юаньға - 43,4750 теңгені құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін