KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар - 340,01 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар - 340,01 теңге

KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар - 340,01 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

  • 31 Желтоқсан 2015
  • 710
Фото - Caravan.kz

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 340,01 (+0,54 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі -109 500 (-50 950 мың USD) мың АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген  жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ.

Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 51,7300 теңгені құрады, ұсыным  — бір юаньға 51,7600 теңгені құрады.


Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.