Касильяс тағы да әлемнің үздік қақпашысы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 462.31
  • 536.09
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Касильяс тағы да әлемнің үздік қақпашысы атанды

Касильяс тағы да әлемнің үздік қақпашысы атанды

Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы кезекті сауалнамасының қорытындысын жария етті.

  • 6 Қаңтар 2013
  • 395
Фото - Caravan.kz

«Аламан» агенттігінің жазуынша, журналистердің дауыс беруі бойынша, Испания ұлттық құрамасының және мадридтік «Реалдың» капитаны өткен жылдың үздік қақпашысы атанды. Оның еншісінде 224 балл. Икер қатарынан 5 рет үздік атанып отыр.

Одан кейінгі орында 128 ұпаймен Италия құрамасының және туриндік «Ювентустың» капитаны Джанлуиджи Буффон орналасқан.

Үздік үштікке 92 ұпай жинаған «Челси» мен Чехияның қақпашысы Петр Чех лайықты деп танылды.

Ал алғашқы алтылыққа Мануэль Нойер (85 ұпай), Джо Харт (26), Виктор Вальдес (15) енген.