«29-сәуір күнгі 18.00-дегі жағдаймен өлген итбалықтардың саны 801-ге жеткен, олардың 623-і итбалықтардың төлдері, ал қалған 178-сі ересек итбалықтар. Барлығы 77 өлген итбалық табылды»,- деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.
Естеріңізге сала кетейік, итбалықтардың өліктері бірінші рет Қаламқас және Қаражанбас кеніштерінің маңындағы Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауынан 30-наурызда табылған болатын. Теңіз жануарларының жаппай қырылуының себебін тексеру үшін арнайы комиссия құрылған болатын.
Итбалықтардың қырылу себебі әзірге анықталмай отыр. Алдын-ала берілген мәліметтер бойынша, Каспийдегі итбалықтардың жаппай қырылуы ауа райының қолайсыздығынан болған: қыстың өте жылы болуы Солтүстік-Шығыс Каспийдің басым бөлігінің бетіне мұздың қатуына мүмкіндік бермеген, бұл итбалықтардың күшіктеу кезінде келеңсіздік тудырады. Сонымен қатар, Биологиялық қауіпсіздік пробламаларын ғылыми-зерттеу институтының жүргізген зерттеулері жануарлардың өлігінен етқоректілердің оба қоздырғышын тапқан.
Өлген итбалықтардан алынған сынамаларды зерттеудің ақырғы нәтижесі шыққанша облыстық төтенше жағдайлар департаменті тірі итбалықтар шоғырланған жерде оларға бақылау жүргізу үшін арнайы жұмыс тобын құрған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті