«Сейсенбінің 18.00-дегі жағдаймен өлген итбалықтардың саны 832-ге жеткен, олардың 648-і итбалықтардың төлдері»,- деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта мамандар Комсомольский шығананығының аумағынада көзбе-көз зерттеулер мен қосымша зертханалық зерттеулер жүргізіп жатыр.
Бұрынырақ білім және ғылым министрлігінің биологиялық қауіпсіздік пробламаларын ғылыми-зерттеу институтының жүргізген зерттеулері жануарлардың өлігінен етқоректілердің оба қоздырғышын тапқан. Ауылшаруашылық министрлігінің референция, мониторинг, мал дәргерлік әдістемесі мен лабораториялық диагностика ғылыми орталығының жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде өлген жануарлардан пастереллез анықтаған. Сондай-ақ, Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының санитарлық-химиялық лабораториясының осыған дейін алдын-ала жүргізген анализі итбалықтардан аса қауіпті немесе басқа да індетті көрсетпеген болатын. Ал, өлі итбалықтар табылған аудандағы теңіз суынан алынған сынамаға жасалған анализдердің аталмыш аудан үшін фон көрсеткіші артық екендігін анықтамаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті