Жарияланды: 370

«КЕGOC» АҚ-да кадрлық өзгерістер болды

«КЕGOC» АҚ-да кадрлық өзгерістер болды

10 желтоқсанда «КЕGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен  «КЕGOC» АҚ атқарушы дирекциясының жаңа ұйымдық құрылымы бекітілді және басқару мен үйлестірудің бірқатар мәселелеріне өзгерістер енгізілді.

«КЕGOC» АҚ  баспасөз қызметінің хабарлауынша, мынадай кадрлық өзгерістер болды. Мәселен, Серік Кеңесбекұлы Оспанов  басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бақытхан Медеғалиұлы Жазықбаев  басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары болды. Әскербек Досайұлы Қуанышбаев басқарма төрағасының ҰЭТ-ты дамыту және корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды,  Мұқтар Оңғарбайұлы Бекенов Жүйелік қызметтер жөніндегі жаңа басқарушы директор  және Абат Аманұлы Ақмурзин Филиалдармен және ЕБҰ-мен жұмыс жөніндегі басқарушы директор болды.   

Еске сала кетейік,  «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,9 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 36,2 ГВА болатын  77 қосалқы  электр  станциясы бар. Компанияда  ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелерді) қосқанда, 4,8 мыңнан астам адам жұмыс істейді.Компания туралы толық  ақпараттар оның корпоративтік Интернет-ресурсында - www.kegoc.kz  орналастырылған. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін