Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет бағаны 2016 жылдан бастап 4 пайызға, ал 2020 жылға дейін 7 пайызға қымбаттату жөнінде шешім қабылдапты.
Тарифтің өзгеруіне алты миллиард теңгеден асатын 5 жылдық инвестициялық бағдарламаны іске асыру себеп болған. «Қазақстан темір жолының» жаңа тарифтері қосымша инвестиция тарту арқылы қызметтерін жаңартып, қауіпсіздікті күшейтпек.