"Халық сізді үлкен сеніммен сайлады": Елбасы Зеленскиймен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Халық сізді үлкен сеніммен сайлады": Елбасы Зеленскиймен кездесті

"Халық сізді үлкен сеніммен сайлады": Елбасы Зеленскиймен кездесті

 

  • 22 Қазан 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияда Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Токиодағы кездесу барысында елбасы Зеленскийді Украинада өткен президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. 

«Мен Украинаның әр күнін бақылап отырамын. Сіздердің мемлекетіңізге бей-жай қарай алмаймын. Ол бұрындары Украинада екі жыл оқығаным үшін ғана емес. Мен тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен-ақ сіздің мемлекетіңіздің президенттерімен жақсы таныс болғанмын», — деді Назарбаев. 

Сонымен қатар елбасы Украинадағы жағдайларға байланысты алаңдаушылық білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның оңтүстік-шығысындағы шиеленістің бейбіт түрде реттелуінің маңыздылығын атап өтті. 

«Халық сізді үлкен сеніммен сайлады. Сізде діттеген жоспарларыңызды жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндік бар», — деді Қазақстанның тұңғыш президенті. 


Өз кезегінде Владимир Зеленский Украинаның қашанда Қазақстанды қолдағанын атап өтті. 

Келіссөз барысында Украина басшысы Нью-Йоркте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен танысқаны туралы айтып, сонымен қатар елбасын Украинаға шақырды. 

Сондай-ақ, тараптар тауар айналымын арттыру және екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар