Халықаралық қатынастар жүйесі ғаламдық және аймақтық әлемде үдей бастаған қауіп- қатер алдында осал екен -Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық қатынастар жүйесі ғаламдық және аймақтық әлемде үдей бастаған қауіп- қатер алдында  осал екен -Назарбаев

Халықаралық қатынастар жүйесі ғаламдық және аймақтық әлемде үдей бастаған қауіп- қатер алдында осал екен -Назарбаев

АЛМАТЫ. 19 сәуір. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев VI Еуразиялық медиа-форумда сөйлеген сөзінде, "халықаралық қатынастар жүйесі ғаламдық және аймақтық әлемде үдейе бастаған қауіп- қатер алдында осал екен", деп мәлімдеді

  • 19 Сәуiр 2007
  • 6417
Фото - Caravan.kz

«XXI ғасырдың шынайылығы оның жанжалсыз жарқын болашағы туралы қиялын жоққа шығарды, халықаралық қатынастар жүйесі ғаламдық және аймақтық әлемде үдей бастаған қауіп- қатер алдында осал екен»,-деп атап өтті елбасы. «Бүгінде ғаламдық бақталастық принципіне әлемдік саясаттың басты қозғаушы күшін қайтарған «суық соғыс» кезіндегі геосаяси риториканы көп естиміз»,-деді Н.Назарбаев.

Президенттің пікірінше, қазіргі заманда ғаламдық проблемаларды шешудің оңай жолы жоқ. «Зұлымдық тек зұлымдықты туғызады, ксенофобия, күмәндану және үрей XXI ғасырдың жаңа індетіне айналып барады»,-деді ол.

Елбасының пайымдауынша, бүгінде өзара тәуелді болу боп саналатын, жаңаша дамудың кереметтілігі назардан тыс қалып барады. «Егер қайсібір ел тұрақсыздыққа ұшыраса, онда ғаламдық тұрақтылыққа қауіп төнеді. Ауғанстанды тас -талқан еткен халықаралық ланкестік әлемді жайлап барады. Жаппай қырып жоятын қаруды иелену , жаңа аймақтарды жаулап, әлемде жаңа проблемалар туғызып , жұқпалы дерт секілді жайылып барады»,- деді президент.

«Халықаралық қатынастар мен халықаралық қауіпсіздікке негіз болып отырған ғаламдық механизмдер өзгеруі тиіс»,-деді Н.Назарбаев. «Ғаламдық дұрыс ойлаушылық және жаппай жауапкершілік принциптерін негізге алатын кез келді»,-деп атап өтті президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті