Болжамдарына сай, Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің деңгейі биыл 1,2%, 2016 жылы 2,2% болуы мүмкін.
Халықаралық қор мамандары: “экономикалық өсімнің бәсеңдеуі, теңгенің құнсыздануы салдарынан қаржы секторының осалдығы банктік қадағалауды нығайтуды талап етеді”,- деп есептейді.
Хабарламада: “ақша-кредит саясатының негіздерін жаңғырту қажет», – делінген. Соған сәйкес, мемлекеттік басқару секторының бюджет тапшылығы мен мұнай кірістерін қоспағанда 2015 жылы жалпы ішкі өнім көлемі 11 пайыз болады деп болжануда.
Мұнай кірістері ескерілмеген жағдайда, 2020 жылы шамамен 8 пайызға төмендеуі ықтимал.