Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметкері Әсет Мұқажанов мәлім етті.
Ол өз сөзінде елімізде халықтық ІРО бағдарламасы аясында ұлттық компаниялардың акциясын құнды қағаздар нарығына шығару жалғасып жатқанын атап өтті.
«Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың бесінші қарашасынан бастап «КЕГОГ» АҚ-ның акцияларын сатып алуға өтініштер қабылдау басталды. Осы аптада елдің бес өңірінде, атап айтқанда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау облыстарында жекелеген инвесторлар үшін компаниялардың тұсаукесерін өткізу жоспарланған», — деді Ә.Мұқажанов.