Хоккей: «Барыс» плей-офф ойындарын бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: «Барыс» плей-офф ойындарын бастайды

Хоккей: «Барыс» плей-офф ойындарын бастайды

Бүгін астаналық «Барыс» хоккей клубы Ресейдің Челябі қаласында Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы алғашқы плей-офф ойынын өткізеді. Ол жерде біздің хоккейшілер жергілікті «Трактор» командасымен кездеседі.

  • 21 Ақпан 2013
  • 432
Фото - Caravan.kz

Командалар ақпанның 21-22-сі, содан соң ақпанның 25-26-сы күндері ойнайды. Екеуінің біреуі төрт рет қатарынан жеңіске жетуі тиіс. Сонда ұтылған команда плей-офф ойындарынан шығады. Ал ақпанның 21-26-сы күндері жеңімпаз анықталмайтын болса, наурыздың 1-5-сі күндері аралығында қосымша үш матч ұйымдастырылады.

Айта кетейік, «Барыс» командасының қатысуымен өтетін плей-офф ойындарының барлығы Астана уақыты бойынша кешкі сағат 19:00-де көрсетіледі. Оны «Астана» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.