Хоккей: «Барыстың» бірінші орынға шығуға мүмкіндігі бар - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: «Барыстың» бірінші орынға шығуға мүмкіндігі бар

Хоккей: «Барыстың» бірінші орынға шығуға мүмкіндігі бар

26 қыркүйекте Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Донбасс» (Украина, Донецк) командасымен кездеседі.

  • 25 Қыркүйек 2013
  • 301
Фото - Caravan.kz

Айта кеткен жөн, Донецк қаласының хоккей клубы соңғы ойында лиганың бүгінгі фавориті — «СКА» (Санкт-Петербор) командасын 4:2 есебімен жеңген болатын. «Барыс» оған өз алаңында 2:5 есебімен ұтылған еді. Дегенмен, бұл — астаналық клубтың 7 матчта бір-ақ рет жеңілген кезі. «Донбасс» болса, 8 ойында үш рет жеңіліс тапқан. Қазір ол жалпы турнирлік кестеде 12-ші орында (13 ұпай) тұр. Ал «Барыстың» хоккейшілері осы уақытқа дейін 18 ұпай жинап, кестенің үшінші орнында орналасты. Олар өздерінен жоғары тұрған екі команда — «СКА» (Санкт-Петербор) мен «Динамодан» (Мәскеу) екі ойынға кем ойнаған. Аталған құрамалар ұпай саны жағынан да алыс кеткен жоқ. «СКА»-да 22 ұпай болса, мәскеулік «Динамода» 19 ұпай бар. Демек, бүгінде «Барыс» үшін бірінші орынға шығуға толық мүмкіндік бар.

Ертеңгі «Барыс» — «Донбасс» ойыны Астана уақыты бойынша түнгі сағат 22:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.