Хоккей: Савченко «Барыспен» қош айтысты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: Савченко «Барыспен» қош айтысты

Хоккей: Савченко «Барыспен» қош айтысты

Астаналық «Барыс» хоккей клубының сапында өнер көрсеткен шабуылшы Филипп Савченконың келісімшарты тоқтатылды.

  • 25 Қаңтар 2013
  • 341
Фото - Caravan.kz

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, құжаттың күші екіжақты келісімнің негізінде жойылды. Құрлықтық хоккей лигасының 2012-2013 жылғы кезеңі басталғалы бері Ф.Савченко 12 матчта өнер көрсетіп, 3-ақ нәтижелі пас берді. Сондай-ақ ол «Барыс — 2» мен «Снежные барсы» командаларының құрамында ойнап, 6 шайба салып үлгерді.

Айта кетейік, Ф.Савченко — Ресейдің азаматы. Ал өзіміздің Роман Савченко өз орнында қалып, «Барыстың» намысын қорғап жүр.