«Кіргізбей қойды»: Семейде өртте қаза тапқан орманшының ұлы Президентпен кездесуге кіре алмағанын айтып, жанайқайын жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Кіргізбей қойды»: Семейде өртте қаза тапқан орманшының ұлы Президентпен кездесуге кіре алмағанын айтып, жанайқайын жеткізді

«Кіргізбей қойды»: Семейде өртте қаза тапқан орманшының ұлы Президентпен кездесуге кіре алмағанын айтып, жанайқайын жеткізді

Абай облысындағы орман өртіне қатысты шу басылар емес.

  • 14 Маусым 2023
  • 611
Фото - Caravan.kz

Тілсіз жаудың кесірінен туған әкесінен айырылған жергілікті тұрғын Президентпен кездесуге кіре алмағын айтып, жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz.

«Әкімнің орынбасары келемін деген, Гариков па еді? Қайда? Жоқ ол. Кеше сол шешіп беремін деген, ол шешіп берген жоқ. Өзіміз шештік. Түк шешіп берген жоқ, қане? Келген жоқ ешкім. Біреу келіп көңіл айтты ма? Келді ме? Келген жоқ. Звондайды, бізге не керегі бар оның? Мен қазір олармен қалай сөйлесемін. Кеше Президентпен кездесуге қайтыс болғандардың туыстары болды дейді, бірақ ешкім барған жоқ. Бірақ 14 өкіл болды дейді. Туған әкем ғой менің, баласымын деп барсам, мені кіргізбей қойды. Танымайтын адамдардың аттары жүр», — деді ол.