Кличко Поветкинмен арадағы жекпе-жектен бас тартуы ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кличко Поветкинмен арадағы жекпе-жектен бас тартуы ықтимал

Кличко Поветкинмен арадағы жекпе-жектен бас тартуы ықтимал

Украиндық былғары қолғап шеберінің менеджері Бернд Бенте Владимир Кличконың Адександр Поветкинмен жекпе-жек қарсаңында РУСАДА ресейлік допингке қарсы агенттікте допинг-тесттен өтуден бас тартатынын мәлімдеді.

  • 21 Мамыр 2013
  • 383
Фото - Caravan.kz

Атақты спортшының командасы Германияда орналасқан Ұлттық допингке қарсы агенттікте ғана тест тапсыру қажеттігін айтады.

Кличко тарапы допинг-тест мәселесінде осы айтқандарынан таяр емес. Олар бұлай болмаған жағдайда 5 қазанда Мәскеуде жоспарланған жекпе-жектен бас тартуға да әзір.

Ал Поветкиннің менеджері Владимир Хрюнов бұл мәселеде ымыра келуге дайын. Бірақ ол екі агенттікте де, сондай-ақ Ерікті допингке қарсы қауымдастықта тест тапсырылуын қалайтынын білдірді.