Бір жарым жылдан артық жүргізілген тергеу барысында бөгет жанындағы кішігірім су қоймаларының қожайындарынан жауап алынып, олардың мүлкіне тыйым салыныпты. Арнайы комиссия анықтаған материалдық шығын көлеміне тең болатын Владимир Крючковтың шаруашылығы мен дүние-мүлкіне қазірше тыйым салынып отыр. Сот оны Көкпекті апатына кінәлі деп тапса, онда 1 млдр 400 млн теңгенің мүлкі мемлекет пайдасына жұмсалмақ. Бірақ кәсіпкер істі жүргізген прокурорлар тек оны айыпты етіп көрсететін құжаттарды ғана жинастырды деп отыр.
Владимир Крючков, «Табиғат-ХХI» ЖШС құрылтайшысы:
— Біздің өңірдегі барлық су бөгеттерінің жағдайы мәз емес. Жылдар бойы шара қолдану қажет деген хаттарды тиісті мекемелерге жолдадым. Ендігі кезде мені айыпты деп табу арқылы келтірілген шығын көлемін менің бизнесіммен жаба салмақ.