Көкшетауда студенттің не үшін өзіне қол салғаны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда студенттің не үшін өзіне қол салғаны белгілі болды

Көкшетауда студенттің не үшін өзіне қол салғаны белгілі болды

Көкшетауда колледж студенті өзіне қол жұмсады.

  • 26 Мамыр 2023
  • 21
Фото - Caravan.kz

Көкшетау педагогикалық колледжінде оқыған Аяулым енді диплом алғалы жүрген. Анасына жазған хатында ағылшын тілі пәнінен емтиханнан үш алғанын айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Туыстары марқұмның өліміне оқытушыларды кінәлап отыр.

"Жауап берсін, менің балапанымды осындайға жеткізгені үшін. Өз-өзіне қол салып, не сұмдық соншама … Бір бағаны аяды ма екен, бір бағаны. Соншама менің қызымды жек көретіндей не болды? Қалдырмаймыз, арыз жазамыз", — дейді анасы Айгүл Ахметжанова. 

Колледж оқытушысы Жүсіпова Динараның айтуынша, аз балл жинап қалған Аяулымға қайта тест тапсыруға мүмкіндік берілген. Алайда марқұм тақырып бір болғанымен, басқа тест екенін көріп, тапсырудан бас тартыпты. 


"Өлімге итермелеу бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қайғылы жағдай Красный яр кентінде болған. 18 жастағы қыз өзіне қол салған. Барлық жағдай жан-жақты тергеліп жатыр",- дейді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Әсем Әбдірахманова.

Соңғы жаңалықтар