Жарияланды: 570

Көкшетауда ҰОС ардагерінің орденін жымқырып кеткен пәтер тонаушы қолға түсті

Көкшетауда ҰОС ардагерінің орденін жымқырып кеткен пәтер тонаушы қолға түсті

Көкшетауда ҰОС ардагерінің орденін жымқырып кеткен пәтер тонаушы қолға түсіп,  үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бұл жолы пәтер тонаушы Көкшетау қаласының тұрғыны 60 жастағы әйелдің пәтеріне түскен.  Осыған дейін бірнеше рет сотталған күдікті үй иесінің әкесіне -  ҰОС ардагеріне тиесілі орденді қолды қылған.

Тексеріс барысында анықталғандай, күдікті соңғы 3 айда 20 рет ұрлық жасаған. Ол қолына түскен барлық затты емес, тек ішіндегі құндыларын ғана алып отырған. Барлық жағдайда ол бірінші қабаттағы терезесінде темір торы жоқ пәтерлерге түсіп отырған.

Қазіргі кезде, ұры құрықталып, қылмысын мойындады.  Сондай-ақ,  оның үстінен ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, уақытша оқшаулау абақтысына тоғытылды», - делінген хабарламада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін