Жарияланды: 300

Көкшетауда жұрт өз қаражатына тұрғызған зәулім мешіт ашылды

Көкшетауда зәулім мешіт ашылды. Құрылысы 5 жылға созылған Алла үйін жергілікті кәсіпкерлер мен қарапайым халық өз қаражатына тұрғызған. 1 жарым млрд теңге жұмсалған әсем ғимараттың биіктігі 46 метр. 4 мұнарасы мен күнге шағылысқан 7 күмбезі бар.

Мешіттің ашылуын асыға күткен жамағаттың қарасы қалың болды. Жалпы аумағы 5 мың шаршы метрлік алып ғимарат 1400 адамды сыйғыза алады. Ең үздік шығыс дәстүріндегі түстер мен бояуларды үйлестіре отыра, қабырғалары әсем безендірілген. Үлкен күмбез жиегінде Алланың 99 аты, қабырғаларында Құран сүрелері жазылған. Мешітке - ғұмырын қазақ балаларының діни сауатын ашып, орыс патшасының медреселерді жабуына қарсы күреске арнаған Науан Хазірет есімі берілді. Мұсымандарды жерлеу рәсімі тек шіркеудің рұқсатымен өтеді дегенге қарсылық білдіргені үшін Науан Хазірет қуғын-сүргінге ұшырап кеткен.  

Ержан қажы Малғажыұлы , Бас мүфти:

- Бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн. Бүгін бабаларымыз аңсаған арманына жеткен күн! Кешегі Науан Хазірет аталарымыз шіркін-ай Көкшетауда бір зәулім мешіт болса, ұрпағымыз келіп осы жерде ғибадат етсе деп армадап кетті. Аллаға шүкір...

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін