Көлігімен ереже бұзған депутаттарды салынған айыппұлдың көлемі шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлігімен ереже бұзған депутаттарды салынған айыппұлдың көлемі шошытты

Көлігімен ереже бұзған депутаттарды салынған айыппұлдың көлемі шошытты

Ереже бұзғаны үшін еселеп артқан айыппұл қайта қысқара ма?! Бүгін мәжілісмендер Ішкі істер министріне мұңдарын шағып көлік жүргізушілерін қатысты жазаны жеңілдетуді сұрады. Өйткені, қомақты айыппұл төлеу қарапайым тұрғын түгілі депутаттардың өздеріне ауыр екен. Халық қалаулыларының көңілін жыққысы келмеген еліміздің бас полицейі бұл мәселені ойланайық деп құтылды. Дағдарыс кезінде депутаттарға да айыппұл төлеудің қиындағынына Жәудір Оразхан да көз жеткізіп қайтты.

  • 10 Желтоқсан 2015
  • 335
Фото - Caravan.kz

-Генерал

-Ассалаумағалейкум, қалайсыз?!

Әдетте полицейлердің жұмысын сынап, ә дегеннен айқайға басатын мәжілісмендер бүгін Ішкі істер министріне аяқ-асты жылы қабақ танытты.  Сөйтсе, депутаттардың көптен бері Қалмұханбет Қасымовқа айта алмай жүрген базыналары бар екен. Жеке көлігімен жол ережесін бұзған халық қалаулылары салынған айыппұлдың көлемін естігенде естерінен тана жаздапты. Әсіресе, қалтасынан шыққан артық шығынға кәдімгідей күйінген Тінікеев бүгін министрге мұңын шақты.

Мұхтар Тінекеев, Мәжіліс депутаты:

-Жылдамдықты асырғаным көшедегі камераға түсіп қалыпты. Сол үшін 23 мың теңге айыппұл төлеңіз деген хат келді. Жалпы, бұл заң күшіне енгелі басқа жүргізушілер сияқты мен де айыппұлдың ауыртпалығын сезіндім. Сондықтан заңға жазаны жеңілдету туралы өзгеріс енгізу керек.

Яғни, қатардағы жүргізушілерді айтпағанда, жарты миллионға жуық  жалақысы бар депутаттар 23 мың теңге айыппұлды қымбатсынып отыр. Ал кезінде адамдардың жаппай қарсылығына қарамастан «Жол жүру ережесі» туралы заңды Мәжіліс бірауыздан бекітіп берген болатын. Енді сол құжатқа өздері қарсы шығып айыппұлды төмендетуді талап етуде. Бірақ, Қасымов халық қалаулыларының өтінішін елеген жоқ.

Қалмұханбет Қасымов, Ішкі істер министрі:

-Біз онсыз да жеңілдік жасап отырмыз. Егер жол ережесін бұзған  жүргізуші айыппұлды 3-4 күннің ішінде төлесе, қарыз 50 пайызға қысқарады. Талаптың күшеюі жолда тәртіп орнатты. Ал, сіздердің ұсыныстарыңызға қатысты ойлану керек.

Бұған ызаланған депутаттар бас полицеймен ұзақ тіресті. Тіпті  адамдардың табысына қарай айыппұл салу қажет деп даурыққандар болды. Өйткені, Қазақстандағы жаза Еуропа елдерінен де қатал. Мәселен, елімізде ереже сақтамаған үшін 200 мың теңгеге дейін айыппұл төлегендер бар екен.     


Ромин Мадинов, Мәжіліс депутаты:

-Жұрт жақында жаппай декларация тапсырады. Сол кезде  кімнің қанша табыс табатыны анықталады. Егер жалақы төмен болса, адам аз төлуі тиіс. Мәселен, Финляндияда үлкен компанияның акционері қандай жол ережесін бұзса да мыңдаған доллар айыппұл төлейді. Яғни, оның табысына қарай белгіленген.

Ішкі істер министрі бұл ұсынысты да жақтыра қойған жоқ. Қасымов жүргізушілердің табысын тексеру — полицейлердің міндеті емес деп қысқа қайырды. Дәл осы айыппұлдың көлемін азайту туралы мәселені жуырда Бас прокуратура да көтерген болатын. Өйткені, жүз мыңдап кеткен айыппұлды төлеуге ешкім асықпайды екен.

Сондай-ақ, атышулы «Жол жүру ережесі» туралы заңға бұдан бөлек тағы бірқатар өзгеріс енбек. Енді полицейдің рұқсатынсыз жүргізуші көліктен шықпау қажет деген талап алынып тасталмақ. Ал 2 сағат бойы қымбат айыппұлды төмендету керек деп шырылдағандепутаттардың арманы түбі орындалған жоқ. Ішкі Істер министрі Мәжілістің өзі қабылдаған заңды өзгерте алмайтынын айтып миғынан күліп кеткендей болды.