Көмір өндіруді ұлғайтуға "Миттал Стил Теміртау" 500 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көмір өндіруді ұлғайтуға "Миттал Стил Теміртау" 500 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады

Көмір өндіруді ұлғайтуға "Миттал Стил Теміртау" 500 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады

Астана. 7-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Көмір өндіруді ұлғайтуға "Миттал Стил Теміртау" АҚ 400-500 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады. Бұл туралы кеше Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін "Арселор Миттал" компаниясының директорлар кеңесінің президенті Лакшми Миттал мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агентігінің тілшісі.

  • 7 Желтоқсан 2007
  • 493
Фото - Caravan.kz

«Мен Қарағандыда көмір өндіру көлемін жылына 12 млн тоннадан 17 млн тоннаға дейін жеткізгіміз келіп отырғанын айттым», — деді ол. «Инвестициялау бағдарламасы 400-ден 500 млн АҚШ доллары аралығында болады», — деп толықтырды Лакшми Миттал.

«Мен сондай-ақ, біздің сұрыптық прокат өнімі туралы және біз бұл өнім түрінің өндірісін 2 есеге ұлғайтқалы отырғанымызды, бұл жобаға 200 млн АҚШ долларын салатындығымызды жеткіздім», — деп хабарлады директорлар кеңесінің төрағасы.

«Миттал Стил Теміртау» АҚ республикадағы қара металлургияның ірі кәсіпорыны болып табылады және «ЛНМ» тобының құрамына кіреді. Шығаратын өнімдерінің негізгі түрлері — шойын, болат, болат прокаты, қалайы, кокс және қосалқы химиялық өнімдер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті