Бас айналдырар мұндай биіктіктен қорықпайтын адам кемде кем. Ал оның ұшар басына шығып, төмен қарай көз тастауға, тіпті, екінің бірі келісе қоймасы анық. Бірақ тек бұл жігіт емес.
Филипп Петидің атын тарихта қалдырған да осы биіктік. 41 жыл бұрын күллі жұрттың үрейін ұшырған трюкті «Голливуд» енді кино етіп түсіріп, елең еткізген ерлікті қайта тірілтті.
-Ему явно крышу снесло, мы что позволим ему умереть?
Нью-Йорктың әйгілі «егіз мұнарасының» арасына арқан тартып, ешбір қауіпсіздік белбеуінсіз жүріп өтуді көздеген жігітті жолдастары жан-жақтан айнытуға тырысады. Тіпті сүйген қызы да қарсы шығады. Алайда бүкіл ғұмырын цирк өнеріне арнаған әуе акробаты биіктікке ұмтыла береді.
Басын қатерге тіккен акробат аяғының жарақатына да қарайтын емес. Кинода болған оқиға баяндалған. Үрей үдей түссін деген киногерлер бұлтпен таласқан биіктікті 3 «Д» форматында да түсіріпті.
Күллі жұрттың тұла бойын тітіркендірген кинодан сіз де қапы қалмаңыз. «Сони» және «Базелевс» киностудияларының ресми дистрибьюторы «Меломан» компаниясы ұсынған «Серуен» атты туынды бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіліп жатыр.