Жарияланды: 520

Көріпкел-суретші Тамила Демесін 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Көріпкел-суретші Тамила Демесін 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Суретімен адам емдеп, жұртты алдаған Жібек Молдахметова (Тамила Демесін) 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өнерпаз келіншек достары мен таныстарынан 77 815 685 теңге қарызға алып, сазға отырғызып кеткен.

Іс материалдарына сәйкес, белгілі суретші нағыз әккі алаяқ болып шықты. Ол өзіне найзағай түскен соң, ерекше «дарыны» пайда болып, белгісіз жайттарды көре бастағанын айтқан. Билік органдарындағы таныстарын айтып, көп адамның сеніміне кірген. Өзінің ерекше, «адам емдейтін» картиналарының көрмесін өткізу үшін біреуден 100 мың доллар, біреуден 300 мың доллар көлемінде қарыз алған. 
Айта кету керек, ерекше дарынды келіншек туралы бірқатар БАҚ жазып, телесюжет түсірілген. 
Көрмелеріне Ресей шоу-бизнес жұлдызы Валдис Пельш келген. Ең қымбат қонақ үйлерді жалға алған. Ең ақыры бір келіншекке Алматы әкімдігіне жұмысқа орналастыратынын айтып, ол үшін 70 мың АҚШ долларын талап еткен. Осы ақшаны алу кезінде Жібек Молдахметова сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті мамандарымен ұсталды. 
Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, Алматы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының шешімімен күдікті ҚР ҚК 5 бабы бойынша айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айрылды. 
Іс апелляциялық инстанцияда қаралып, Алматы қалалық апелляциялық алқасы оны 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін