Коронавирусқа тесті қалай тапсыруға болады: Нұр-Сұлтан тұрғыны өз тәжірибесімен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.32
  • 582.92
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирусқа тесті қалай тапсыруға болады: Нұр-Сұлтан тұрғыны өз тәжірибесімен бөлісті

Коронавирусқа тесті қалай тапсыруға болады: Нұр-Сұлтан тұрғыны өз тәжірибесімен бөлісті

Сәуір айынан бастап COVID-19-ды анықтайтын тестер қалың бұқараға қолжетімді. Алайды тегін тек жұқтыру қауіптілігі жоғары топ қана медорталықтардың сайтында арнайы сауалнаманы толтырып тапсыра алады.

  • 15 Сәуiр 2020
  • 9
Фото - Caravan.kz

Астаналық тұрғын Арман А. коронавирусты анықтайтын тест сынағын тапсырып, оның барысы және не мақсатта өткені жайлы Stan.kz тілшісімен бөлісті.

"Коронавирусты тексеретін тестке жазылып қойдым деп пост жазған болатынмын. Сол постың астына адамдар түрлі пікірлер қалдырыпты. Кейбіреулер маған наночип орнатады десе, енді бірі маған вакцина салып, мені өлтіретін вирус жұқтырады деп сандалыпты. Бүгін таңертең тесті тапсырып келді. Шығарда дене қызуын тексерді, неге екені белгісіз 35.7-ті көрсетті", — деп бөлісті Арман.

Тест тапсыруының басты себебі ақпанда тұмауратып қалғаны болған екен.

Процесс қалай өтеді?

1. Бөлімшеге артық аяқ басқызбайды, тест белгілі бір уақытпен алынады, менімен бірге кірген ер адам көрші процедуралық кабинетте отырды.

2. Кіреберісте дене температурасын қол тигізуді қажет етпейтін термометрмен (тепловизор — ред.) өлшейді, қызметкерлер барлығы жеке қорғаныс заттарын киген, қолды санитайзермен тазалауды сұрап, бахила береді, сырт киімді шкафқа қалдыруды сұрайды.

3. Содан кейін кассада, қабылдау бөлмесінде жеке куәлікті көрсеттім, мұнда маманның терезесіне дейінгі 1.5 метр қашықтық еденде сары сызықпен белгіленген.


4. Содан кейін емдеу бөлмесіне жібереді, бәрі де ультрастерильді, арнайы киім киген маман, үстелге мөрленген ашылмаған тест, спирт майлықтар, саусақтан қан алуға арналған ине, сынаққа арналған сұйықтық тұрды. Тесті ашқан кезде, тестің өзі және қанды іріктеуге арналған тамшуыр болды.

5. Саусақтан бір тамшы қан алып, оны тестке тамызып көрді, үстіне катализатор тәріздес сұйықтық құйды.

6. Бір сағаттан кейін электронды поштама тестің нәтижесі теріс екендігі жайлы хабарлама келді, сынақты тапсыру бөлімшеге барып, кіру, шығуды қосқанда 5-6 минутты алды.