Көршісіне былапыт сөздер айтқан ОҚО тұрғыны 3 тәулікке қамалды
![]() |
Көршісіне былапыт сөздер айтқан ОҚО тұрғыны 3 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен. |
«Қазығұрт аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434- бабы 2-бөлігінде көрсетілген іс қаралды.
Іс бойынша, құқық бұзушы С.С. бұрын Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 330-бабы 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін 3 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде, яғни 5 556 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығына қарамастан, көршісі У.Е.-ге ар-намысына тиетін сөздер айтып, былапыт сөйлеп, қоғамдық тәртіпті бір жыл ішінде қайталап бұзған.
Қазығұрт аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол осы баппен 3 (үш) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», - деп жазылған хабарламада.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін