Жарияланды: 410

Криштиану Роналду подиумға шықты

Криштиану Роналду подиумға шықты

Мадридтік «Реал» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду подиумнан жүріп, өзінің CR7 брендінің жаңа топтамадағы киімдерін көрсетті, деп хабарлайды The Hypebeast.

Таныстырылым Гимарайнш қаласында (Португалия) өтті, деп жазады lenta.ru.

«Бастапқыда сәл қобалжып тұрдым. Мен үшін бұл тіпті жаңа тәжірибе, бірақ өзіме қызық болды», - деген футболшы жаңа топтамасын туған елде таныстыру ол үшін үлкен құрмет екенін айтты.

Таныстырылым кезінде аяқ киімнің жаңа үлгілері көрсетілді. Сондай-ақ CR7 брендімен іш киімдер мен киімдер шығарылуда, ал алдағы уақытта Роналду иіссулар шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

2014 жылы Goal.com порталы Роналдуды әлемнің ең дәулетті футболшысы деп таныды. Сарапшылар спортшының дәулетін 210 миллион еуроға бағалаған. Ол мұндай табысқа мадридтік «Реалмен» жасаған келісімшарты, сондай-ақ Toyota, Nike, Herbalife, Emirates, Castrol, Samsung және тағы басқа түрлі брендтермен ынтымақтастық құруының арқасында қол жеткізді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін