"КТК” арнасында үлкен футбол кеші жалғасады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"КТК” арнасында үлкен футбол кеші жалғасады

"КТК” арнасында үлкен футбол кеші жалғасады

Бокстан Алматыда  өтіп жатқан әлем чемпионаты өзінің шешуші кезеңіне келіп жетті. Осы сағаттарда  Балуан Шолақ сарайында ширек финалдық жекпе-жектер өтуде. Әлемдік додаға үклеп қосқан он боксшымыздың төртеуі жартылай финалға жолдама алды. Ал қалған бес боксшымыздың тағдыры бірнеше сағаттан кейін белгілі болмақ.  

  • 24 Қазан 2013
  • 287
Фото - Caravan.kz

Ширек сында шаршы алаңға алғаш шыққан Біржан Жақып пуэрторикалық Энтони Ривераға еш мүмкіндік бермеді. 64 келі салмақтағы үмітіміз Мерей Ақшалов та қырғызстандық қарсыласы Ермек Сакеновты айқын ұтқан. Ал 75 келіде румын Богдан Журатони Жәнібек Әлімханұлына оңай берілмеді. Екіге бөлінген төрешілер шешімі ақыры қазақстандықты жеңімаз етті. 56 келіде жұдырықтасқан Қайрат Ералиев Олимпиада чемпионы кубалық Робейси Карразананы ұпай санымен ұтып сенссация жасады. Қазірдің өзінде Қазақстан құрамасының еншісінде қола медальдар бар деп сеніммен айта беруге болады. Бірақ біздің жігіттер тек алтын алуды мақсат етіп отыр.     

  

 

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің орталық матчында “Милан” Сан-Сирода “Барселонаны” қабылдаған. Бұл бәсекені біздің арна тікелей эфирде көрсеткен болатын.

Өз жанкүйерлері алдында жігерленген италиялықтар азулы  қарсыластарына лайықты қарсылық көрсетті. Италиялық клубқа қайта оралған бразилиялық шебер Кака алғашқы минуттан алаңға шығап ширақ ойын көрсетті. Қарымта шабуылда “Реалдың-экс” футболшылары Кака мен Робинью Виктор Вальдес қақпасының кілтін тапты. Каталондықтар да қарап қалған жоқ. Шабуылмен әуестенген италиялық қорғаушылар Мессиден көз жазып қалды. Қалған уақытта есеп өзгерген жоқ. Осы топтағы өзге кездесуде “Селтик” “Аяксты” 2:1 есебімен ұтты. Бүгін “КТК” арнасында үлкен футбол кеші жалғасады. Түнгі сағат 00:45-те мадридттық “Реал” пен туриндік “Ювентус” арасындағы бәсекені жіберіп алмаңыздар.

 


 

Шайбалы хоккейден Құрлықтық лиганың тұрақты чемпионатында өнер көрсетіп жатқан “Барыс” сырт айдындағы соңғы төрт ойынның барлығын жеңіспен аяқтады. Соңғы матчта Хабаровсктың “Амур” командасына қонаққа барған Ари Пекка Селин шәкірттері шешуші кезеңде жеңісті жұлып әкетті.

“Барыс” ойыншысы Николай Антропов есеп ашқан. Бірақ осыдан кейін жинақы ойнаған айдын иелері Ари Ахонен қақпасына қатарынан үш шайба тоғытты. Тимофей Шишканов дубль авторы атанса, Андрей Степанов есепті 3:1ге жеткізді. Қиын жағдайда қалған астаналықтар шешуші кезеңде Брендон Боченски, Талғат Жайлауов және Николай Антроповтың көмегімен есепті теңестіріп қана қоймай, соңғы минуттарда 3:4 есебімен жеңісті тойлады. 19-шы турдан кейін 46 ұпай еншілеген “Барыс” чемпионат кестесінде бірінші орында.