КТК жаңа жыл кешінде көрермендеріне ерекше тарту жасамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК жаңа жыл кешінде көрермендеріне ерекше тарту жасамақ

КТК жаңа жыл кешінде көрермендеріне ерекше тарту жасамақ

Жаңа жыл кешінде КТК өз көрермендеріне тарту жасамақ. 31 желтоқсан күні эфирде өте қызықты бағдарламалар беріліп, үздік әншілер өнер көрсететін болады. Және Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған концерт көрсетілмек.

  • 30 Желтоқсан 2015
  • 226
Фото - Caravan.kz

Жаңажылдық көңіл-күйді көтеру үшін көрерменнің көзайымына айналған кинолар мен ресейлік жаңа фильмдер тағы бар. Ал «Шымкент-шоу» театрының әртістері барлығыңызды күлкіге қарық қылады. Сонымен қатар, биылғы көктемде өмірден өткен әнші Батырхан Шүкеновті еске алуға мүмкіндік туады. Оның әндерін Владимир Пресняков, «А’Студио», Юлия Началова, Еркеш Шәкеев, Роза Рымбаева және өзге де орындаушылар шырқайды. «Батыр LIVES» атты концерттің теленұсқасы 31-ші желтоқсанда кешкі сағат 8:20-да басталады.